Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров бастаған ресми делегация Өзбекстан Республикасына жұмыс сапарымен барды.
Сапар аясында Ташкент облысында Түркістан және Ташкент облыстарының іскер топтарын біріктірген «Шекарасыз ынтымақтастық» халықаралық бизнес-форумы өтіп жатыр.
Форумның негізгі мақсаты — өңірлер арасындағы сауда-экономикалық байланысты нығайту, инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту және екі ел кәсіпкерлері арасындағы әріптестікті дамыту.
Іс-шараға өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, туризм және қызмет көрсету салаларында жұмыс істейтін Түркістан облысының 50-ге жуық бизнес өкілі қатысуда. Қатысушылар бірлескен жобаларды іске асыру, өзара сауда мен экспорт көлемін арттыру, логистикалық инфрақұрылым мен шекара маңындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылап жатыр.
Форум бағдарламасына екіжақты B2B кездесулер және Түркістан мен Ташкент облыстарының инвестициялық әрі экономикалық әлеуетінің таныстырылымдары да кіреді.
Редакция басқа дереккөздерден алынған, жіберілген немесе келіп түскен материалдардың мазмұны мен дәлдігіне жауап бермейді. Мұндай материалдар тек ақпараттық мақсатта жарияланады және олардың мазмұнын автоматты түрде қолдауды немесе мақұлдауды білдірмейді.


Пікірлер (0)
Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
Бірінші болып пікір қалдырыңыз.