
Қазақстандықтар жұбайының рұқсатынсыз қандай ақшалай несие ала алады?
Қазақстанда 1000 АЕК (АЕК – айлық есептік көрсеткіш) асатын сомада тұтынушылық кепілсіз несие алу үшін жұбайының келісімін алу қажет болатын ережені енгізу жоспарлануда. Бұл туралы 23 мамырда Сенат отырысында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов айтты.












