Өзбекстанда депутаттар сайлауында электронды дауыс беру сынақтан өтеді
Өзбекстанда заң шығару палатасы мен жергілікті мәслихаттар депутаттарын сайлау күні алғаш рет электронды дауыс беру жүйесі сынақтан өтеді.
Өзбекстанның Орталық сайлау комиссиясы Ташкенттегі бірқатар сайлау учаскелерінде сайлаушылар дәстүрлі немесе электронды дауыс беру формасын өздері таңдай алатынын хабарлады.
Тестілеу үшін қолданылатын құрылғылар АҚШ, Германия және Ұлыбритания сияқты елдерде қолданылған және миллиондаған адамдарға дауыс беруге көмектесті.
Редакция басқа көздерден алынған, жіберілген немесе алынған материалдардың мазмұны мен дұрыстығына жауапты емес. Мұндай материалдарды жариялау тек ақпараттық мақсаттарға арналған және олардың мазмұнын автоматты түрде растауды немесе мақұлдауды білдірмейді.