Қазақстан және ТМД

Финляндия Президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді

Қазанның 28–29 күндері Финляндия Президенті Александр Стубб Қазақстан Президентінің шақыруымен Астанаға келеді. Сапар барысында екі ел басшыларының келіссөздері өтіп, екіжақты ынтымақтастықтың перспективалары мен халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер талқыланады.
қазан 23, 2025 - 15:44
қазан 23, 2025 - 16:40
 0  25
Фото ашық көздерден алынды

Келіссөздер аясында экономикалық және инвестициялық байланыстарды кеңейту, көлік-логистикалық ынтымақтастықты дамыту және «жасыл» технологиялар саласындағы өзара іс-қимылды тереңдету мәселелері қаралады. Энергетикалық қауіпсіздік, цифрландыру және білім беру бағыттарына ерекше назар аударылады.

Әкімшіліктің хабарлауынша, бұл сапар Қазақстан мен Финляндия арасындағы саяси диалогты нығайтуға және өзара іс-қимыл деңгейін арттыруға бағытталған. Кездесу қорытындысы бойынша сауда, технология және тұрақты даму салаларындағы әріптестікті кеңейтуге арналған бірқатар келісімдерге қол қойылады.

Қазақстан Финляндияны Еуропалық одақтағы сенімді серіктестерінің бірі деп санайды. Екі ел арасындағы ынтымақтастық өзара құрмет, ашық диалог және климат пен бейбітшілік саласындағы халықаралық бастамаларды қолдау қағидаттарына негізделген.

Редакция басқа көздерден алынған, жіберілген немесе алынған материалдардың мазмұны мен дұрыстығына жауапты емес. Мұндай материалдарды жариялау тек ақпараттық мақсаттарға арналған және олардың мазмұнын автоматты түрде растауды немесе мақұлдауды білдірмейді.