Байқоңырда «Буранға» өтпек болған испандықтар мен австралиялық ұсталды
Байқоңыр ғарыш айлағында үш испан азаматы мен бір австралиялық «Буран» орбиталық кемелері сақталған ғимаратқа кірмек болған кезде ұсталды. Алдын ала мәлімет бойынша, олар 112А ангар бағытына бет алған — бұл нысан Байқоңырдағы ең қорғалған әрі жартылай қираған ғимараттардың бірі саналады.
Шетелдіктер өздерін туристпіз деп таныстырып, иесіз қалған нысандарға қызығушылық танытатындарын айтқан. Олардың айтуынша, мақсаты — кеңестік дәуірдің сирек кездесетін ғарыш кемелерінің фонында суретке түсу болған.
Оқиға орнына полиция мен ғарыш айлағының күзет қызметі келіп, шетелдіктерді ұстады. Қауіпсіздік режимін бұзу фактісі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, айыппұл немесе әкімшілік қамау түріндегі жаза қолданылуы мүмкін.
«Буран» ғимаратына заңсыз ену әрекеттері бұрын да тіркелген. Бұған дейін бірнеше шетелдік сурет және бейнекамерамен ішке кіріп, әлеуметтік желілерде жариялап, кейін жауапкершілікке тартылған.
Байқоңыр — рұқсатсыз кіруге болмайтын жабық нысан. «Бураны» сақтайтын ғимарат жартылай қирағанымен, бүкіл әлемнен келген зерттеушілер мен энтузиастардың назарын әлі де өзіне аударып келеді.
Редакция басқа көздерден алынған, жіберілген немесе алынған материалдардың мазмұны мен дұрыстығына жауапты емес. Мұндай материалдарды жариялау тек ақпараттық мақсаттарға арналған және олардың мазмұнын автоматты түрде растауды немесе мақұлдауды білдірмейді.