Сербия парламенті жекпе-жек алаңына айналды: төбелес, фаерлар және ауруханаға түскен депутаттар
Қақтығыстың себебі неде?
Оппозиция билікті Нови-Сад вокзалындағы трагедияға жауапты деп айыптады. Сол жерде козырек құлап, 15 адам қаза тапқан. Оппозициялық депутаттардың айтуынша, үкімет бұл мәселені алдын ала білген, бірақ үндемеуді жөн көрген. Дау тез бақылаудан шығып, парламент залы жанжал мен зорлық-зомбылық алаңына айналды.
Бұзақылықтың салдары
- Депутат Ясмина Обрадович инсульт алды, дәрігерлер оның өмірі үшін күресуде.
- Жүкті депутат Соня Илич ауруханаға түсті, оның нәрестесіне қауіп төніп тұр.
- Депутат Жасмина Каранац бөтелкемен соққы алды және бұрыш спрейімен шабуылға ұшырады.
- Жедел жәрдем бригадалары келіп, үш депутат шұғыл ауруханаға жатқызылды.
Бұл оқиға соңғы жылдардағы ең үлкен қақтығыстардың бірі болып, елдегі саяси дағдарыстың тереңдегенін көрсетіп отыр.
Редакция басқа көздерден алынған, жіберілген немесе алынған материалдардың мазмұны мен дұрыстығына жауапты емес. Мұндай материалдарды жариялау тек ақпараттық мақсаттарға арналған және олардың мазмұнын автоматты түрде растауды немесе мақұлдауды білдірмейді.