Обаманың Мохавадағы күн электр станциясы жабылады: 2,2 миллиард доллар желге ұшты
Калифорния штатындағы Мохава шөлінде АҚШ тарихындағы ең ірі және қымбат күн электр станцияларының бірі — Ivanpah — өз жұмысын тоқтатуда. Жоба 2013 жылы Барак Обама әкімшілігінің қолдауымен іске қосылған болатын. Оның жүзеге асуына АҚШ бюджетінен 2,2 миллиард доллар бөлінді және ол жасыл энергетикадағы серпіліс ретінде ұсынылған еді.
Ұзындығы шамамен 8 шақырым болатын станция үш мұнара мен 350 мыңға жуық күн сәулесін шағылыстыратын айнадан тұрды. Жоба 140 мыңнан астам үйді электр қуатымен қамтуы тиіс болатын және жаңартылатын энергияға көшудің символына айналуы керек еді.
Алайда шындық басқа болды. Технология тұрақты қуат өндіруге жарамсыз болып шықты: станция жоспарланған қуаттылықтың жартысынан азына ғана жетіп отырды, ал техникалық қызмет көрсету шығындары үнемі өсіп жатты. Сонымен қатар, ол ауа райына өте тәуелді және жиі техникалық ақауларға ұшырады.
Соңғы жылдары күн панельдерінің бағасы бірнеше есе арзандап, дәстүрлі фотоэлектрлік станциялар әлдеқайда тиімді болып шықты. Ivanpah болса — көлемі үлкен, қымбат әрі ескірген күйінде қалды және өзін-өзі ақтай алмады.
Жобаны жаңғыртуға бағытталған көпжылдық әрекеттерге қарамастан, ол тиімсіз деп танылып, жабу туралы шешім қабылданды. Енді оның орнында шөл далада темір сынығына айналған «жасыл революцияның» сәтсіз символы ғана қалады.
Сарапшылар Ivanpah жобасын «қымбат оптимизм сабағы» деп атап, масштаб пен ниет шынайы тиімділік пен нарыққа бейімделусіз табысқа кепілдік бермейтінін еске салады.
Редакция басқа көздерден алынған, жіберілген немесе алынған материалдардың мазмұны мен дұрыстығына жауапты емес. Мұндай материалдарды жариялау тек ақпараттық мақсаттарға арналған және олардың мазмұнын автоматты түрде растауды немесе мақұлдауды білдірмейді.