АҚШ-та депортациядан бас тартқан мигранттарға тәулігіне $998 айыппұл салынады
АҚШ билігі елден шығу туралы сот шешімін орындамаған мигранттарға күн сайын $998 көлемінде айыппұл салу мүмкіндігін қарастыруда. Бұл туралы Reuters агенттігі үкіметтік құжаттарға сілтеме жасап хабарлайды.
Агенттік дерегінше, айыппұлдар кері күшпен — бес жылға дейінгі мерзімге қолданылуы мүмкін. Бұл кейбір жағдайларда жалпы қарызды $1 миллионнан асыруы ықтимал. Егер айыппұл төленбесе, билік айыпталушылардың мүлкін тәркілеуге құқылы болады.
Сарапшылардың айтуынша, бұл шара АҚШ-тың иммиграциялық саясатын қатаңдатуға және депортация туралы шешімді орындамаған заңсыз мигранттарға қысым күшейтуге бағытталған.
Қазіргі уақытта үкімет қарыздың қалай есептелетінін және айыппұл қалай өндіріледі — бұл туралы нақты мәлімет берген жоқ. Дегенмен, жаңа ереже елде заңсыз жүрген мыңдаған адамға әсер етуі мүмкін.
Құқық қорғау ұйымдары бұл бастаманы артық және шамадан тыс деп бағалап, әлеуметтік осал топтарға ауыр зардаптар әкелуі мүмкін екенін ескертті. Сонымен қатар, олар жаппай сот ісі мен конституциялық дау-дамайлар болуы ықтимал екенін айтып отыр.
Ақ үйден ресми растау әзірге түскен жоқ, бірақ тиісті ведомстволар арасында осы тетіктерді енгізу мәселесі талқылануда.
Редакция басқа көздерден алынған, жіберілген немесе алынған материалдардың мазмұны мен дұрыстығына жауапты емес. Мұндай материалдарды жариялау тек ақпараттық мақсаттарға арналған және олардың мазмұнын автоматты түрде растауды немесе мақұлдауды білдірмейді.