Әлем

Флоридада қылмыскер семіздікке байланысты өлім жазасынан құтылуы мүмкін

Адвокаттар өлім инъекциясы денсаулыққа қауіпті деп, үкімді тоқтатуды талап етуде.
Сәуір 3, 2025 - 10:23
 0  5221
Фото ашық көздерден алынды

Флоридада өлім жазасына кесілген Майкл Танци денсаулық жағдайына байланысты жазадан құтылуы мүмкін. Адвокаттарының айтуынша, оған 3-дәрежелі семіздік диагнозы қойылған, ал өлімге әкелетін инъекция денсаулығына күрделі асқынулар тудыруы мүмкін.

Үкім 8 сәуірде орындалуы тиіс болған, алайда қорғау тарапы жедел түрде өтініш беріп, "дене салмағының артуы мен байланысты аурулар бұл процедураны азапты етіп, АҚШ Конституциясының сегізінші түзетулерін — қатыгез және әдеттен тыс жазаға тыйым салуды — бұзады" деп мәлімдеді.

Семіздік — АҚШ-та өлім жазасын орындауда бұған дейін де дау тудырған мәселе. Кейбір жағдайларда дәрігерлер дәріні енгізуде қиындықтарға тап болып, бұл жазаның ұзаққа созылуына және қоғамның наразылығына себеп болған.

Танци ісі бойынша шешім осындай жағдайларда өлім жазасын қолдану мүмкіндігіне қатысты жаңа құқықтық және қоғамдық талқылауларға жол ашуы ықтимал.

Редакция басқа көздерден алынған, жіберілген немесе алынған материалдардың мазмұны мен дұрыстығына жауапты емес. Мұндай материалдарды жариялау тек ақпараттық мақсаттарға арналған және олардың мазмұнын автоматты түрде растауды немесе мақұлдауды білдірмейді.

Енді сіз біздің жаңалықтарды тікелей WhatsApp арқылы ала аласыз! Осы танымал мессенджердегі арнамызға жазылыңыз және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!