Әлем
Сауд Арабиясы қаңтарда шетелдіктерге жылжымайтын мүлік нарығын ашады
Қаңтардан бастап Сауд Арабиясы шетелдіктерге тұрғын үй, жер, фермалар және коммерциялық жылжымайтын мүлік сатып алуға рұқсат береді. Мекке мен Мединада мүлік сатып алу тек мұсылмандарға ғана рұқсат етіледі. Шешім нарыққа қолжетімділікті кеңейтіп, капитал ағынын күшейтеді.