
Әлем
Лавров: Украинаға бітімгершілік күштерін енгізу – Ресейге қарсы тікелей соғыс
Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Еуропалық бітімгершілік контингентінің Украина аумағына орналастырылуы Мәскеу үшін тікелей әскери қауіп ретінде қабылданатынын мәлімдеді. Ол мұндай Батыс бастамалары НАТО-ны қақтығысқа тарту стратегиясының бір бөлігі екенін атап өтіп, Ресей мұндай қадамға жауапсыз қалмайтынын ескертті.