
Оңтүстік Корея базалық тегін интернет енгізеді
Базалық жылдамдықтағы тегін мобильді интернет байланысқа қолжетімділік моделін өзгертеді. Бұл шешім пайдаланушылардың тарифтерге тәуелділігін азайтып, интернетті міндетті қызмет ретінде бекітеді.

Базалық жылдамдықтағы тегін мобильді интернет байланысқа қолжетімділік моделін өзгертеді. Бұл шешім пайдаланушылардың тарифтерге тәуелділігін азайтып, интернетті міндетті қызмет ретінде бекітеді.
Солтүстік Корея АҚШ қорғаныс министрі Оңтүстік Кореямен шекарадағы демилитаризацияланған аймаққа келген кезде Сары теңізге 10 зымыран ұшырды. Бұл туралы Сеулдегі әскери дереккөздерге сілтеме жасап Yonhap агенттігі хабарлады.

АҚШ президенті Дональд Трамп Оңтүстік Кореяға сапары барысында КХДР басшысы Ким Чен Ынмен бейтарап аймақта кездесу өткізуі мүмкін. Бұл сапар диалогты қайта бастауға белгі ретінде қарастырылады.

АҚШ президенті Дональд Трамп Оңтүстік Корея, Жапония және Қазақстан басшыларын 1 тамыздан бастап 25% баж салығы енгізілетіні туралы хабардар етті. Бұл шешім сауда қатынастарын теңестіру қажеттілігімен түсіндірілді.

Оңтүстік Корея мен Польша 180 K2 танкісін жеткізу бойынша келісімшартты аяқтап жатыр, оның 117-сі Кореяда, қалғаны Польшада өндірілмек. Келісім сомасы шамамен 6 миллиард долларды құрайды.

Президенттің міндетін атқарушы Хан Док Су «тарихи қолдауды» алға тарта отырып, американдық баж салығына жауап қайтармайтынын мәлімдеді.

Бейжіңге қысым көрсету үшін басты азиялық экономикалармен альянс құру көзделіп отыр.

Оңтүстік Кореядағы телеарналар мен онлайн-платформалар жасанды интеллект көмегімен жасалған виртуалды тележүргізушілерді белсенді түрде енгізуде. Мұндай цифрлық аватарлар айына небәрі $460 тұрады, үзіліссіз жұмыс істейді және сөйлеу мәнері мен бет-әлпетінің өзгерісін жағдайға қарай бейімдей алады.

Ел тарихындағы бұрын-соңды болмаған жағдай Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль бүлік, билікті асыра пайдалану және сыбайлас жемқорлық бойынша айыпталып, қамауға алынды деп хабарлады Yonhap ақпарат агенттігі. Бұл Оңтүстік Корея тарихында қызметтегі, бірақ уақытша шеттетілген президенттің қамауға алынған алғашқы жағдайы.

Оңтүстік Корея полициясы бұрынғы президентті қамауға алу туралы ордерді орындаудан бас тартты. Олар мұндай шешімді ордердегі «құқықтық даулы тұстармен» түсіндірді. Ордердің мерзімі ертең аяқталады, оны ұзарту мәселесі талқылануда.
Оңтүстік Кореяның прокуратурасы мен полициясы ел президенті Юн Сок Ёльді ұстауға әрекеттенуде. Сеулдегі президент сарайына шамамен 3 000 полиция қызметкері орналастырылды, сонымен қатар президентті қолдаушылар жиналып, оған қолдау білдіруде.

Оңтүстік Кореяда Палестинаны қолдауға арналған көптеген наразылық акциялары өтті. Қатысушылар Газа секторындағы 15 айдан астам уақытқа созылған қақтығысты айыптап, зорлық-зомбылықты тоқтатып, адам құқықтарын қорғауға шақырды.

Оңтүстік Корея Муан әуежайындағы әуе апатынан қаза тапқан 179 адамға байланысты бір апталық аза тұту күндерін жариялады. Ел тарихындағы ең ірі әуе апаты құрбандарын еске алу шаралары Муандағы спорт сарайында өтуде. Жүздеген адам аза тұтуға жиналды. Билік оқиғаның себептерін терең зерттеуді бастады, алдын ала мәлімет бойынша, апатқа шассидің ақауы мен құстың қозғалтқышқа соғылуы себеп болуы мүмкін.

Yonhap агенттігінің хабарлауынша, Оңтүстік Кореяның Jeju Air әуе компаниясының тағы бір ұшағында шасси ақауы байқалды. Бұл оқиға, бір күн бұрын Муанда дәл осы үлгідегі ұшақ қатысқан апаттан айырмашылығы, қайғылы жағдайға әкелген жоқ. Самолет әуежайға сәтті оралды. 29 желтоқсандағы апатта 181 жолаушының басым бөлігі қаза тапқан еді.

Jeju Air ұшағының қозғалтқышына құстың соғылған сәті бейнеленген видео пайда болды. Бұл әуе компаниясы тарихындағы алғашқы авиациялық апат. Оңтүстік Кореяның бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, шасси ашылмаған, бұл ұшақтың фюзеляжбен соғылуына әкелді. Ұшақ бортында қазақстандық азаматтар болмаған.
Оңтүстік Кореяның Муан әуежайында Jeju Air әуе компаниясының ұшағының апатынан қаза тапқандар саны 122 адамға жетті. Бангкоктан қайтып келе жатқан ұшақ қону кезінде апатқа ұшыраған. Алдын ала деректер бойынша, апатқа шассидің істен шығуы, мүмкін құстармен соқтығысу себеп болуы мүмкін.

Оңтүстік Корея БАҚ-тарының хабарлауынша, бұрынғы қорғаныс министрі Ким Ён Хён өз-өзіне қол жұмсамақ болды. Қазіргі таңда дәрігерлер оның өмірі үшін күресуде. Оқиғаның себептері мен мән-жайы белгісіз, бірақ сарапшылар бұл жағдайды оған тағылған айыптармен байланыстырады.
Choose a convenient way to support the project.
Links to third-party websites may be unsafe. Check the destination before continuing.