
Әлем
Оңтүстік Кореяда әскери ұшақ оқу-жаттығу кезінде тұрғын үйлерге бомба тастады
Оңтүстік Кореяда әскери оқу-жаттығу кезінде KF-16 жойғыш ұшағы қателесіп, Пхочхон қаласындағы тұрғын ауданға сегіз MK-82 авиабомбасын тастады. Оқиға 6 наурыз күні таңғы 10:00 шамасында болды. Жарылыстар салдарынан жеті адам жарақат алды, олардың төртеуі ауыр халде. Сонымен қатар, бірнеше тұрғын үй қирап, жергілікті шіркеу мен шаруашылық нысандар зақымданды.