
Трюдо соңғы баспасөз мәслихатында көз жасына ерік берді, отставкаға кететінін жариялады
Канада премьер-министрі Джастин Трюдо өз эмоциясын ұстай алмай, соңғы баспасөз мәслихатында үш күннен кейін қызметінен кететінін мәлімдеді. Журналистер алдында сөйлеген сөзінде ол жоғары мемлекеттік лауазымда жұмыс істеген кезде әрқашан канадалықтардың мүддесін бірінші орынға қойғанын атап өтті.





