
Қазақстан АХҚО қатысуымен ШЫҰ Даму банкін құруды ұсынды
Қазақстан ШЫҰ Үкімет басшылары кеңесінде АХҚО әлеуетін пайдалана отырып, ұйымның Даму банкін құруды ұсынды. Сондай ақ көлік, цифрландыру және инвестиция салаларында жаңа бастамалар ұсынылды. Кездесу қорытындысы бойынша құжаттар топтамасы қабылданды.

