
Тоқаев: 2029 жылға қарай Қазақстандағы шетелдік студенттер саны 100 мыңға жетеді
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық жоғары оқу орындарында шетелдік студенттер санын үш еседен астам арттырып, 2029 жылға қарай 100 мың адамға жеткізу ниетін білдірді. Бұл туралы ол «Қазақстан — академиялық білім аймағы» атты Халықаралық стратегиялық серіктестер форумында мәлімдеді.


