
Қазақстанда 16 жасқа дейінгі балалардың онлайн-платформаларда тіркелуіне тыйым салынбақ
Үкімет 16 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың онлайн-платформаларда тіркелуіне тыйым енгізеді, мессенджерлерден басқа. Бұл шара балаларды зиянды контенттен қорғауға және қауіпсіз цифрлық орта қалыптастыруға бағытталған. Заң жобасына 80-нен астам түзету енгізілген.



