
Әлем
АҚШ Сауд Арабиясына НАТО құрамына кірмейтін негізгі одақтас мәртебесін береді
АҚШ Сауд Арабиясымен ынтымақтастықты жаңа деңгейге шығарып, Эр Риядқа НАТО құрамына кірмейтін негізгі одақтас мәртебесін беру туралы жариялады. Тараптар қорғаныс, азаматтық ядролық энергетика саласындағы келісімдерге қол қойып, инвестициялық жобаларды бір триллион долларға дейін ұлғайтуға келісті.