
Әлем
Мадуро АҚШ қысымы аясында Венесуэла егемендігін қорғау ниетін мәлімдеді
Венесуэла президенті Николас Мадуро АҚШ тарапынан қысымның күшеюі жағдайында ел өз егемендігін қорғайтынын айтты. Ол билеуші партияның жаңа саяси бюросын құруды жариялап, сырттан саясатқа ықпал етуге бағытталған кез келген әрекет араласу ретінде қарастырылатынын атап өтті.