
АҚШ-та Хэллоуин жаппай тәртіпсіздікке ұласып, коменданттық сағат енгізілді
Вашингтон мен Нью-Йорктегі Хэллоуин мерекесі жаппай тәртіпсіздікке айналды. Жергілікті биліктің мәліметінше, костюм мен бетперде киген жастардың топтары тәртіп бұзып, көлік қозғалысын бөгеп, метро станцияларына билетсіз кірген. Нәтижесінде полиция бірнеше аудандарда бақылауды жоғалтты, ал АҚШ үкіметі коменданттық сағат енгізді.


