
Үндістанда Boeing 787 құлады: ұшақ тұрғын ауданға түсті
Үндістанда соңғы жылдардағы ең ірі авиациялық апаттардың бірі орын алды. Ішкі рейспен ұшып бара жатқан Boeing 787 жолаушылар ұшағы Ахмедабад қаласындағы халықаралық әуежай маңында апатқа ұшырады. Ұшақ бортында 240-тан астам адам болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, әуе кемесі ұшу-қону жолағына жақын орналасқан тығыз қоныстанған тұрғын ауданға құлаған.


