
Лиз Трасс Илона Маскты Ұлыбританияның "Deep State"-ін әшкерелеуге шақырды
Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Лиз Трасс Илон Маскты елдегі "Deep State" құпия құрылымдарын зерттеуге шақырды. Оның айтуынша, Ұлыбританияны сайланған саясаткерлер емес, бюрократиялық элита, арнайы қызметтер және ірі бизнес өкілдері басқарады. Трасстың пікірінше, Илон Масктың технологиялық ресурстары мен әлеуметтік желідегі ықпалы Ұлыбританиядағы жасырын билік механизмдерін әшкерелеуге көмектесе алады.

