Эстониядағы ең ірі Estonian Cell зауыты электр тарифтерінің қымбаттауына байланысты жұмысын тоқтатты
Эстонияның ең ірі целлюлоза зауыты – Estonian Cell өндірісті уақытша тоқтатуға мәжбүр болды. Себеп – электр энергиясының бағасының күрт қымбаттап, шығындардың өсуі. Бұл Балтық өңіріндегі энергетикалық дағдарыстың алғашқы үлкен соққысы.