
Тайвань алғаш рет HIMARS зымыран жүйелерінен оқ атты
Тайвань Қарулы Күштері алғаш рет өз аумағында америкалық HIMARS зымыран жүйелерін қолданды. Атуды «Гром» кодымен жоспарланған оқу-жаттығулар аясында Цзюпенг әскери полигонында өткізді. Жаттығу барысында 94 шақырымға дейінгі қашықтықтағы нысандарды жоюға қабілетті жеті M30 және M31 зымыраны ұшырылды.

