
Kaspi алақанмен төлеуді іске қосты: жаңа Alaqan технологиясы Алматыда таныстырылды
Алматыда Kaspi.kz компаниясы Kaspi Alaqan атты инновациялық төлем жүйесін ұсынды. Бұл жүйе сатып алуды телефонсыз, QR-кодсыз және интернетсіз тек алақан арқылы жасауға мүмкіндік береді. Жаңа технология компанияның жобалар таныстырылымындағы басты жаңалық болды.






