
Әлем
Экс-президент Израиль туралы Елизавета II-нің көзқарасын ашып айтты
Израильдің бұрынғы президенті Реувен Ривлин марқұм Ұлыбритания патшайымы Елизавета II-нің Израильге жылы шырай танытпағанын мәлімдеді. Оның бұл көзқарасына Палестинадағы Британ мандаты кезеңіндегі оқиғалар мен еврей әскери ұйымдарының әрекеттері әсер еткен. Ривлин қазіргі патша Карл III-тің Израильге достық қарым-қатынасын атап өтті.