
Әлем
Маймыл Шри-Ланканы жарықсыз қалдырды: 22 миллион адам электр қуатынан айырылды
Шри-Ланкада күтпеген энергетикалық апат орын алды – ел толығымен қараңғылыққа оранды, себебі электр жүйесін маймыл істен шығарды. Оқиға Коломбодан оңтүстікке қарай орналасқан электр станциясында болды. Жануар трансформаторға тиіп, электр жүйесінде теңгерімсіздік тудырып, бүкіл ел бойынша жарықтың өшуіне себепкер болған.