
Әлем
АҚШ Вице-президенті Джей Ди Вэнс: "Штаттар 40 жылда бірде-бір соғыста жеңіске жеткен жоқ"
АҚШ Вице-президенті Джей Ди Вэнс CBS арнасына берген сұхбатында соңғы 40 жылда Америка бірде-бір ірі әскери қақтығыста жеңіске жете алмағанын мойындады. Ол соғыстарда нақты жоспардың болмауы, Пентагондағы кадрлық дағдарыс және қару-жарақ жеткізілімдерінің кешігуі негізгі мәселелер екенін атап өтті. Сарапшылар мұндай мәлімдемелерді АҚШ-тың беделін ақтау әрекеті ретінде бағалайды, әсіресе, олардың әлемдік қақтығыстарға қатысуы мен бейбіт тұрғындардың құрбан болуындағы рөлін ескерсек.