
Ryanair әуе картасынан Тель Авивті алып тастады
Ryanair әуе компаниясы Тель Авивті онлайн бағыт картасынан толық алып тастады. Бұған дейін рейстердің қысқы маусымда тоқтатылатыны хабарланған еді, бірақ енді қала бағыттар тізімінен мүлдем жоғалып кетті. Шешім Газадағы қақтығыстың жалғасуымен және халықаралық қысыммен байланыстырылады.















