
Головкин World Boxing халықаралық федерациясының президенті болып сайланды
Головкин халықаралық спорт федерациясын басқарған алғашқы қазақстандық өкіл болды. Римде өткен World Boxing Конгресінде оның кандидатурасы бірауыздан мақұлданып әлемдік әуесқой бокс және ұлттық спорт үшін маңызды оқиғаға айналды.



















