
20 төлем ұйымы және банк қызметкерлері онлайн-казино схемаларына қатысқан болуы мүмкін – ҚМҚҚ тергеуі
Қаржылық мониторинг агенттігі Pin Up (Бонами) онлайн-казиносына қаражат шығаруға байланысты трансшекаралық схеманы анықтағанын хабарлады. Тергеу аясында 20 төлем компаниясы, топ-менеджерлер және бірқатар кәсіпкерлердің аты аталды.




