
Австралия 16 жасқа толмаған жасөспірімдерге әлеуметтік желілерге тыйым салған алғашқы ел болды
Австралия 16 жасқа дейінгі жасөспірімдерге әлеуметтік желілерде аккаунт ашуға тыйым салатын заң қабылдады. Заң платформаларды пайдаланушылардың жасын тексеруге міндеттейді және бұзушылықтар үшін ірі айыппұлдарды қарастырады. Шектеулер бір жылдан кейін күшіне енеді.














