
KuCoin кінәсін мойындап, АҚШ нарығынан шығады
Криптовалюта биржасы KuCoin АҚШ-та заңсыз қызмет жүргізгенін мойындады. Билік платформаны ақша жымқыруға қарсы ережелерді (AML) және клиентті тексеру (KYC) талаптарын бұзды деп айыптады. АҚШ Әділет министрлігімен жасалған келісім аясында KuCoin $297 млн төлеуге және АҚШ нарығынан екі жылға кетуге міндеттелді.

