
Калифорния АҚШ құрамынан шығуы мүмкін: Calexit бастамасы тіркелді
Калифорнияның мемлекеттік хатшысы Ширли Вебер «Calexit» бастамасын ресми түрде тіркеп, штаттың тәуелсіздігі туралы референдумға жол ашты. New York Post мәліметі бойынша, қол жинау басталып кетті, және егер сайлаушылардың 55% бұл ұсынысты қолдаса, әлем картасында жаңа мемлекет пайда болуы мүмкін. Оның экономикасы Ресейдің ЖІӨ-нен екі есе үлкен болмақ.
