Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақтың пилоттары ғажайып жасады — BILD
Актауда апатқа ұшыраған Embraer E190 ұшағының пилоттары жоғары бағаға ие болды. Олар 32 жолаушының өмірін сақтап қалды. Авиация сарапшыларының пікірінше, олар басқаруға қиын ұшақты қауіпсіз жерге жеткізген. Неміс басылымы BILD Ресей билігінің төтенше қонуға рұқсат бермегені апаттың себебі болуы мүмкін екенін алға тартты.