
Microsoft Windows жүйесіне Recall функциясын енгізеді
Microsoft компаниясының бас директоры Сатья Наделла Windows жүйесіне арналған Recall атты жаңа функцияны таныстырды. Бұл функция пайдаланушылардың әрекеттерін, оның ішінде іздеу, оқу және қарау деректерін автоматты түрде скриншот арқылы есте сақтайды. Осы жаңалық пайдаланушылардың құпиялығы туралы алаңдаушылық туғызды.

