Қазақстанда онлайн-кредиттерге шектеу енгізіледі – алаяқтықпен күрес

Қаржы нарығын реттеу агенттігі онлайн-кредиттерге шектеу енгізуді көздеп отыр. 150 АЕК-тен жоғары займдар eGov арқылы растаусыз берілмейді. Банктер мен қарыз алушылар үшін жаңа талаптар белгіленеді.

шілде 8, 2025 - 11:17
 0  15
Қазақстанда онлайн-кредиттерге шектеу енгізіледі – алаяқтықпен күрес
Фото ашық көздерден алынды

Қазақстанда қаржылық алаяқтықпен күресу мақсатында онлайн-кредиттеуге жаңа шектеулер енгізілмек. ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тиісті қаулы жобасын әзірлеп, оны ашық нормативтік құқықтық актілер порталында қоғамдық талқылауға шығарды. Құжатта интернет арқылы кепілсіз тұтынушылық қарыздар рәсімдеуге қатаң шектеулер қарастырылған.

Жобаға сәйкес, егер онлайн режимде рәсімделген қарыз сомасы 150 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) асса, яғни 690 мың теңгеден жоғары болса, қаржы ұйымы шартқа қол қойылғаннан кейін 24 сағат ішінде қаражатты аудара алмайды. Қаражат тек eGov порталы арқылы расталған келісім алынғаннан кейін ғана беріледі.

Сондай-ақ, онлайн-кредиттер беру кезінде «суыту» тетігін енгізу ұсынылады. Егер бір күн ішінде азамат бірнеше микроқарыз алса және олардың жалпы сомасы 150 АЕК-тен асса, банктер мен микроқаржы ұйымдары ары қарай қарыз беруді тоқтатуы тиіс.

Алғаш рет ірі көлемде қарыз алушылар үшін, сондай-ақ 21 жасқа толмаған және 55 жастан асқан азаматтар үшін шартқа қол қою кезінде банкте немесе микроқаржы ұйымында жеке қатысу міндетті болады. Бұл шара – қаржылық шешімдерді саналы қабылдауды қамтамасыз ету және әлсіз топтардың атынан алаяқтыққа жол бермеу мақсатында қолға алынуда.

Жоба сондай-ақ банк және микроқаржы саласындағы омбудсмен лауазымына үміткерлерге арналған жаңа талаптарды белгілейді. Олардың бірі — ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша қазақ тілін В2 деңгейінен төмен емес меңгергенін растау.

Жоба авторлары бұл шаралар кибералаяқтықты азайтуға, қаржы ұйымдарының ішкі бақылауын күшейтуге және халықтың мүдделерін қорғауға бағытталғанын атап өтті. Құжаттың түсіндірме жазбасында ұсынылған шаралар әлеуметтік-экономикалық жағынан теріс салдарға әкелмейтіні және қаржы секторына деген сенімді арттыруға ықпал ететіні көрсетілген.

Бұған дейін мерзімді әскери қызметшілерге қарыз рәсімдеуге тыйым салу тетігі де қарастырылып жатқаны хабарланған болатын. Бұл шаралар тұтынушылық кредиттеуде тұрақтылықты арттыру және теріс пайдалану жағдайларын азайту мақсатында жүзеге асырылып отыр.

Сізде сенсация болуы мүмкін жаңалық бар ма?
Немесе өзіңізді редактор ретінде сынап көргіңіз келе ме?
altn.news сайтында бұл мүмкін!
Материалдарыңызды бөлісіңіз, пікіріңізді айтыңыз
және өзіңізді журналист немесе редактор ретінде сынап көріңіз.

Бұл өте оңай:
✅ Қосымшаны жүктеңіз:
      App Store
      Google Play

Сайтта тіркеліңіз.
✅ Жаңалықтарыңызды жасап, жариялаңыз.
Кім біледі, мүмкін сіздің материалыңыз келесі шулы тақырыпқа айналар!
altn.news сайтынан бүгін бастаңыз.


Редакция басқа көздерден алынған, жіберілген немесе алынған материалдардың мазмұны мен дұрыстығына жауапты емес. Мұндай материалдарды жариялау тек ақпараттық мақсаттарға арналған және олардың мазмұнын автоматты түрде растауды немесе мақұлдауды білдірмейді.

Енді сіз біздің жаңалықтарды тікелей WhatsApp арқылы ала аласыз! Осы танымал мессенджердегі арнамызға жазылыңыз және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!

ALTN.News Сетевое издание «Интернет ресурс ALTN News - (https://altn.news) Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания № KZ32VPY00091991 выдано 26.04.2024 г. Комитетом информации Министерства культуры и информации Республики Казахстан.