2024 жылдың 23 сәуірінен бастап еліміздің мамандандырылған орталықтарында автокөліктерді тіркеген кезде иелері нотариалды куәландырылған сатып алу-сату шарттарын ұсынуы қажет. Бұл ретте мәміленің жазбаша нысанына қойылатын талап жойылады. Бұл туралы altn.news порталы «Азаматтарға арналған үкіметке» сілтеме жасап таратты.

Мемлекеттік корпорациядан алынған ақпаратқа сәйкес, бұл өзгерістер мемлекеттік қызметтердің ашықтығын арттыруға бағытталған. Егер азаматтар автокөлікті қайта тіркеу үшін сатып алу-сату шартын нотариалды куәландырғысы келмесе, оларға банктік қосымшалар арқылы онлайн режимінде мұны жасауға мүмкіндік беріледі.

Бастаманы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті әзірледі және жол қозғалысы туралы қолданыстағы заңнамаға негізделген. Жүргізілген реформалар аясында 53 өзгеріс енгізілді, олар қоғамдық талқылаулардан, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тексерулерден өтіп, қоғамдық кеңес пен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мақұлдаған.