Алматы облысында болған табиғи өртке байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

«19 сәуірде Алматы облысының Балқаш ауданында 31 гектар аумақта орман алқаптарына жайылған өрттен қамыс өсімі өртеніп, осы факті бойынша ішкі істер органдары Қылмыстық кодекстің 341-бабы «Ормандарды жою немесе зақымдау» бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұл баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп, сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды қарастырады», - делінген сәрсенбі күні тараған хабарламада.

Тікұшақтар өртті сөндіру үшін жалпы көлемі 387 тоннадан асатын 129 су шығаруды жүзеге асырғаны атап өтілді.

"Өрт енді оқшауланды", - деп қосты Төтенше жағдайлар министрлігі.

Сурет көзі: ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.