Қазақстанда шетел валютасын сатып алуға 176 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалды
Ұлттық банктің мәліметі бойынша, наурызда айырбастау пункттері 176,3 млрд теңгеге шетел валютасын сатса, ақпанда 175,5 млрд теңгені құрады.
Дәстүр бойынша ең үлкен сұраныс долларға болды. Өткен айда халық оларды сатып алуға 158,5 млрд теңге жұмсаған. Америка валютасы Алматыда – 55,3 млрд теңгеге, Шымкентте – 34,6 млрд теңгеге, сондай-ақ Маңғыстауда – 10,1 млрд теңгеге, Атырауда – 9,3 млрд теңгеге, Қостанай облыстарында – 7,6 млрд теңгеге белсенді түрде сатып алынды.
Ал, айырбастаушылар 19,04 млрд теңгеге еуро сатты. Бұл валюта негізінен Алматыда – 7,5 млрд теңгеге, Астанада – 3,6 млрд теңгеге, Шымкентте – 2,6 млрд теңгеге сатып алынды.
Ресей валютасына сұраныс айтарлықтай өзгерді. Егер ақпанда оны сатып алуға 3,4 млрд теңге жұмсалса, наурызда бұл көрсеткіш теріс аймаққа (-1,7 млрд теңге) түсті. Бұл халықтың рубльден арыла бастағанын аңғартады.
Юаньға келетін болсақ, наурызда айырбастау пункттері оны 91,9 млн теңгеге сатты. Бір ай бұрын бұл көлем 233,8 млн теңге болған еді.
Дереккөз:lsm.kz Меруерт КЕНЕСОВА

Пікірлер (0)
Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
Бірінші болып пікір қалдырыңыз.